Ұлықтау рәсіміндегі сөз саяси декларация ретінде

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның қазіргі тарихында алғаш рет Президент өкілеттіктері легитимді түрде берілді. Көпшілік жұрт үшін бұл күтпеген оқиға болды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімдерін салыстыра отырып, көпшілік инаугурациялардың ұсақ ерекшеліктеріне мән берді, бірақ ең бастысын байқаған жоқ. Бастысы - ұлықтау рәсіміндегі сөз еді.

Ұлықтау рәсімінде айтылатын сөзді сайлауалдындағы кампанияның түйіні деуге болады. Содан кейін жұрт саясаткерден бергенуәделерін орындауын күтеді. Саясаткер ол арқылы азаматтардың таңдауы дұрысболғанына көзін жеткізіп, жаңа өмірге жігерлендіреді, адамдардың болашақтабасшылыққа алатын идеалдарын жинақтайды.

Тарихқа қысқаша көз жүгіртейік. Совет Одағындатек бір ғана мәрте ұлықтау рәсімінде жұртшылыққа сөз арналды, оның мазмұнықазір ешкімнің есінде де жоқ шығар. Одан гөрі СССР-дің бірінші әрі соңғыпрезиденті М.С. Горбачевтың лауазымнан кеткені жұрттың есінде қалды. Әрісол оқиғаны жұртшылық Кремльдің басынан советтер туының құлауы, Одақтың ыдырауыретінде жиі еске алады. Оның үстіне, М.С. Горбачевтың өзі айтқандай, «өркениеттіелдердегі сияқты, СССР Президентін шығарып салуға арналған бірде-бір іс-шараөткізілген жоқ».

Демократия қанат жайған елдерде жаңапрезиденттің ұлықтау рәсіміндегі сөзі сайлауда жеңіске жеткен саясаткердің алғысөзі саналады. Шын мәнінде, ол - жаңа мемлекет басшысының саяси декларациясы әріалдағы жылдарда іске асырылатын бағдарламаның қысқаша баяны. Сондықтан да,мысалы, АҚШ-та жаңа президенттің ұлықтау рәсіміндегі сөзін БАҚ жарыса жазыпжатады. Президент Билл Клинтон 1997 жылы ерекше сайт ашып, өзінің екіншіұлықтау рәсіміндегі сөзін онлайн-трансляциялауға тапсырма берген алғашқы АҚШпрезиденті болды.

Әрине, тіпті ең маңызды істерде де ойда жоқ тосынжайттар болып жатады. Ұлықтау рәсіміндегі сөз сөйлеу ерекшелігімен тарихтақалған кездер де болған. Мысалы, Джордж Вашингтон ұлықтау рәсімінде небәрі 135сөз айтқан. Ең ұзақ сөйлеген АҚШ президенті Уильям Харрисон болды. Ол 1841 жылыекі сағаттай сарнап, 8 445 сөз айтқан. Харрисон ғимараттың ішінде емес, даладатұрып, қатты аязда, өңменінен ызғарлы жел өтуіне қарамастан қалың киімсіз,жалаңбас, қолғапсыз тұрып сөйлеген. Соның салдарынан өкпесінен суық өтіп, бірайдан кейін қайтыс болды.

ХХ ғасырда жұрттың аузынан түспеген сөзретінде Джон Кеннедидің сөзін айтуға болады.

«Менің қадірлі америкалықтарым! Елім маған неберді деп сұрамаңыздар, мен еліме не бердім деп өздеріңізден сұраңыздар. Құрметтіәлем азаматтары! Америка біз үшін не істеуі керек деп сұрамаңыздар, адамбостандығы үшін бірігіп біз не істей аламыз деп сұраңыздар».

Маргарет Тэтчер Чехословакия президенті ВацлавГавелдің ұлықтау рәсіміндегі сөзінен ерекше әсерленіпті. Гавел сонда «махаббат,достық, біреудің қайғысын бөлісу, қайырым, кешірім мәнін жоғалтқан, азып-тозғанәлемдегі өмір» туралы айтқан болатын (М. Тэтчер. Великая история «железной»леди. М;. АСТ, 2016, С. 571).

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсіміндегісөзінен бірнеше тезисті бөліп қарауға болады. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтыңсаясатын жаңаша жағдайда жалғастыратынына назар аудартты. Мемлекеттің Елбасықалаған іргетасы сақталып, беки түсетінін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таяу жылдарыҚазақстан шешуі тиіс негізгі он міндетті атап көрсетті. Аталған міндеттер елөмірінің барлық саласын – саяси құрылыс, экономика, әлеуметтік сала, сыртқысаясатты түгел қамтиды.

Дегенмен, аталған міндеттерді орындаудың өзі –демократиялық қоғам құру, нарықтық экономиканы дамыту, әлеуметтік мемлекет құрусекілді Қазақстан Конституциясының басты қағидаларын іске асыру екендігінежұрттың бәрі де мән берген жоқ.

Президент Қ. Тоқаев «менің саяситұғырнамам – азаматтардың басты сұрақтарына жауап беру» деді. Әзірше мұның бәріелдегі реформалардың жалпы көрінісі. Бірақ басқаша болуы да мүмкін емес еді,өйткені биліктің ауысуы мемлекеттік элита үшін де, қалың бұқара үшін декүтілмеген оқиға болды. Бірақ ұлықтау рәсіміндегі сөз Қ.К. Тоқаев саясисабақтастықты амал жоқтан ұстану қажет деп емес, ең бастысы – саяситұрақтылықты, ұлтаралық келісімді, Елбасы тұсында іргесі қаланған өзге дежетістіктерді сақтаудың шарты деп түсінетінін көрсетті.

Осынау берік негізде жаңа жоспарлар құрып,заман талабына жауап беретін жобаларды іске асыруға болады. Сондықтан жуықарада Президенттің ұлықтау рәсіміндегі сөзінің басты тезистерінің мәні ашылады.Ол қоғам мен мемлекеттің тығыз байланысы арқылы іске асырылуы тиіс.Қ. Тоқаевтың пікірінше, мемлекет пен азаматтық қоғамның бір-бірінекөмектесуі жетістікке жетудің кепілі. Қ. Тоқаев айтпақшы, «саяси құрылымөзгерістерге сай болуы тиіс. Өйтпеген жағдайда бұл экономикалық реформалардыіске асыруға кедергі болмақ».

Президент «өткір әлеуметтік проблемалардышешумен, көбірек мұқтаждық сезініп отырғандарға көмектесумен нақты айналысу»арқылы реформалардың айтулы нәтижелеріне қол жеткізу қажет екенін атапкөрсетті. Әлеуметтік саясатта жылдам әрі көзге көрінерліктей нәтижелерге қолжеткізу, соның ішінде халықтың табысын арттыру қажет. Президент жаңа жұмыс орындарынашу, лайықты жалақымен қамтамасыз ету, бірыңғай баспана саясатын әзірлеуәділетті әлеуметтік саясат жүргізу талабын қойып отыр.

Әлеуметтік салада нақты міндеттер тұр. Олар:білім беру сапасын арттыру, мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеру,тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету, қолжетімді баспана,т.б.

Қ. Тоқаев сайлауалды бағдарламасында еңөзекті әлеуметтік мәселелерді шешуді ұсынып, оған 2 трлн теңге жұмсаудыжоспарлап отырғанын жеткізді. Жастар үшін аса өзекті баспана мәселесін шешуүшін табысы аз және көпбалалы отбасыларға арнап жалға берілетін 40 мың пәтерсалу жоспарланып отыр. Бұл және басқа да бағдарламалардың іске асырылуынжұртшылық жіті бақылап отырады.

Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражатЖІӨ 5%-ына дейін артады. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетужелісін қолжетімді етеді. Барлық өңірдегі барша баланы мектепке дейінгі білімберумен қамту жоспарланып отыр. Орта мектеп 12 жылдық білім беруге толығыменкөшеді, ал үш тұғырлы тілдің енгізілуі қазақ тілін үйренуге көбірек мән беруарқылы жалғасын табады, қоғамдық пәндер қазақ және орыс тілдерінде оқытылыпбіртіндеп ағылшын тілі енгізіледі. Бұдан тыс, балалар артық жүктен арылып,оқытудың жаңа әдістемелері енгізіледі. 2022 жылға дейін апаттық жағдайдағы жәнеүш ауысыммен оқитын мектептердің мәселесі шешіледі.

Нәтиже болуы үшін уақыт қажет екенін жұрттыңбәрі түсінеді. Сондықтан Президент Қ. Тоқаев тұрғындардың әлжуаз тобыныңнесиесін жабу туралы ешкім күтпеген шешім қабылдады. Әрине, классикалық нарықтықэкономика тұрғысынан алғанда, Президенттің осы шешімі даулы сияқты көрінеді.Бірақ транзит және қазіргі жағдайды ескерсек, бұл әлеуметтік шиеленістіжібітті, сонымен қатар жаңа Президент бастаған өзіне тән мейірімділік кезеңініңесігін ашты. Әлеуметтік әріптестік пен өзара ықпалдастық алуан түрлі іс-қимыларқылы көрініс табуы мүмкін. Қ. Тоқаев бұл ретте маңызды әрі өзгеге үлгіболарлықтай қадам жасады. Ол мұнымен Қазақстан қоғамы қарапайым азаматтанПрезидентке дейін әлеуметтік азаматтық ниеттестіктің құрамдас бөлігі болуы тиісекенін көрсетіп отыр.

Басты проблемалардың бірі – ұлттық бизнестідамыту, орта тапты қалыптастыру. Экономикалық стратегияны іске асыруғамүмкіндігінше жылдам жаңа бағыт ұсыну үшін экономиканың қазіргі ахуалынабүге-шігесіне дейін талдау жүріп жатыр.

Экономика жекеменшікке қол сұқпау қағидатынанегізделе дамуы тиіс. Сондықтан Қазақстандағы кәсіпкерлікке берілетін бұлжымаскепілдіктер жүйесі құрылмайынша, кәсіпкерлер жалпымемлекеттік: өңірлік жәнежергілікті жобаларға қаражат құйғысы келмейді. Кәсіпкер тәуекелдерді бақылайалатынына, мемлекет оның салған қаражатына кепіл болатынына көз жеткізуі тиіс.Онсыз елден «капиталдың жылыстауын» тоқтату мүмкін емес.

Осы мәселені шешу үшін қағазбастылық деңгейінтөмендетіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз табанды күрес жүргізу қажет. Дилемматүсінікті – не кәсіпкерлікті дамытамыз, не болмаса бәрін жалмайтын жемқорлыққажол береміз. Бұлардың бірі болған жерде екіншісі күн көре алмайды.

Қ. Тоқаев экономиканың түрлі сегменттеріндамыту үшін басқа елдердің бәсекелік ортаны қалыптастыру тәжірибесін барыншапайдалану қажеттігін түсінеді. Мысалы, АҚШ тарихынан сайлау құқығын кеңіненпайдалану, орталық билік тетігіндегі тепе-теңдік және тежемелік жүйесі, қалыңбұқараның саяси пікірлерін ашық айту мүмкіндігінің болуы – заң шығару органдарыкапитал мен жұмыс күшін тартуға қолайлы құқықтық-нормативтік ортаны жасауданбасқа амалы болмайтынын көрдік.

Батыс авторларының айтуынша, елде ірі әрібір-біріне бәсекелес болатын банк жүйелерінің пайда болуына мүмкіндік беретінбірден-бір алғышарт – мемлекеттік шенеуніктердің билігі мен уәкілеттерінинституттық тұрғыда шектеу және осы шектеулердің бір бөлігін іс жүзінде күшкеие сайлау құқығы арқылы қамтамасыз ету. («Естественные эксперименты истории».М., АСТ, 2018, С.150).

Тағы бір проблема – мемлекеттің ауқымдықарызы. Үкіметтің шығындары жинаған салығынан асып түседі. 2014-2018 жылдараралығында үкіметтің қарызы екі есеге: 5,6-дан 11,7 трлн теңгеге дейін өсті. БұлЖІӨ 20%-ын құрайды. Мемлекеттік қарыз одан да көбірек 5,8-ден 16 трлн теңгегедейін өсті. Соған сәйкес, мемлекеттік қарызға қызмет көрсету шығындары да өсіп,2018 жылы 586 млрд теңгеге жетті. Ал олардың республикалық бюджетшығындарындағы үлесі 2014 жылы 3,6% болса, 2018 жылы 6,3%-ға жетті. Негізсіз ақшашығындау - шикізат бағасы шарықтап тұрған «мұнай дәуірінен» қалған «әдет». Қарызмөлшерінің өсуін тоқтату үшін үкімет шығындарды азайтумен қатар, табыстарын дакөбейтуі тиіс. Ал оған тек бизнесті жан-жақты қолдау арқылы ғана қол жеткізугеболады.

Үкімет артық функциялардан, ең алдымен,бақылау функцияларынан арылуы тиіс. Мемлекеттік аппаратты қысқарту ғана емес,елді жан-жақты дамыту үшін оның қызметін де өзгерту қажет.
Жасыратыны жоқ, Қазақстанның өңірлерінің дамуы біркелкі емес. Әрине,проблеманың объективті негіздері бар. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншыорында тұр. Сонымен қатар, аймақтар әртүрлі табиғи-климаттық белдеулердеорналасқан. Тіпті аумағы кейбір кішкентай мемлекеттердің көлемінен асатыноблыстардың өзінде шөл, дала мен таулар кездеседі. Олар өздерініңауылшаруашылық, экономикалық және табиғи әлеуеті жағынан тең емес. СондықтанҚасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінде «қазақстандықтарды алаңдатып отырған нақтыміндеттерді жергілікті деңгейде шешу керек. Біз аймақтардағы өзін-өзі басқаружүйесін нығайтамыз, тұрғындар аймақтағы қордаланып қалған мәселелерді шешугебелсенді араласатын болады» деп айтылған.

Қ.Тоқаев әлемдегі жағдайды жақсыбілетін саясаткер және дипломат ретінде адамзат технологиялар, экономика жәнеәлеуметтік тәртіп өзгеретін кезеңге, яғни жаңа дәуірге аяқ басқанын жақсы түсінеді.Адамдардың, әсіресе, жастардың дүниетанымы өзгеруде. Ескі қарама-қайшылықтардыңорнына жаңалары келеді. Бұған ұлы державалардың сауда соғыстары, жаңа өңірлікқақтығыстар, кейбір мемлекеттердің бұрынғы қауіпсіздік механизмдерін қабылдамаусалдарынан туындайтын тұрақсыздықты жатқызамыз.. Оның айтуынша, кейбір елдермен өңірлер ілгерілеудің жаңа толқынына ілесе алмай, оқшаулану мен агрессиястратегиясын таңдауда. Алдыңғы қатарлы елдер әлдеқайда алға озғанымен,көпшілігі шетте қалып қойған. Бұл әлем мемлекеттерін күрт поляризациялап, жаңа қақтығыстардың басталуына негіз болады.

Даму үшін кешенді шешімдер қабылдауқажет. Табысқа экономика немесе әлеуметтік саясаттың арқасында ғана қол жеткізумүмкін емес. Қазақстан Республикасының Президенті күрделі өзгерістер туралы:«экономикалық, әлеуметтік және саяси прогресс - біздің заманауи сын-қатерлерге жалғыздұрыс жауабымыз» деген сөздеріне бәрі бірдей назар аударған жоқ. Мұндай тәсілашықтыққа, ең жоғары жетістіктерге, озық технологияларға ұмтылуға негізделуікерек. Елдің саяси өмірін демократияландырмай, экономикалық тұрғыдан дамумүмкін емес екенін түсінетін уақыт келді.

Қ.Тоқаев саяси құрылымның үлкенэкономикалық өзгерістерге сәйкес келуі керектігін, әйтпесе, реформалардыңтоқтап қалуы мүмкін екенін түсінеді. Дәл осы формуладан жаңа Президент қоғамныңнегізгі сұраныстары - алдыңғы жылдары елді ілгері сүйрелеген «алдыменэкономика, содан кейін саясат» формуласынан қоғамның барлық салаларынтолыққанды реформалауға көшу керек екенін түсінетінін аңғаруға болады. Мықтыбилік ауыспалы кезеңде біршама рөл атқарды деп айтуға болады. Енді қоғамтарапынан бақылауды кеңейту мен билік өкілеттікті қайта бөлу арқылы билік тиімділігінарттыратын кез келді.

«Саяси құрылым өзгерістерге жауапберуі керек, әйтпесе, бұл экономикалық реформаларға кедергі болады. Саясат пенмемлекеттік қызметке ең білімді адамдар ғана келуі қажет, меритократия қағидатыжұмыс істеуі керек. Мен ашық және айқын жұмыс жасаймын. Біздің Отанымыз,тағдырымыз – бір», - деді Қ.Тоқаев.

Барлығы дерлік қоғамдық өзгерістергедеген сұраныстың артып келе жатқанын айтады. Бірақ бұл өзгерістер өздігіненорын алмайды. Бізге елді дұрыс бағытта қозғайтын адамдар керек. Бұл міндеттіңмаңыздылығы соншалық, Қ.Тоқаев бұл мәселені дамыған елдердің үлгісіменқұқықтық, ұйымдастырушылық және басқа да жағдайлардың жасалуын күтпей, оныалдағы күндері шешу керек екенін айтады.

Мемлекет басшысы «мемлекеттік басқаружүйесіне меритократия негізінде лайықты, білімді адамдар ғана келуі керек.Үміткерлерді таңдаудың басқа қағидасы болуы мүмкін емес» деп атап өтті. АлдыменМемлекет басшысы президенттік кадрлардың тізімін құруды ұсынды. Оған елдің барлықаймақтарының ең үздік 300 өкілі кіреді.

Қ.Тоқаев Қазақстанның өзгеруіндегіжастардың рөліне ерекше назар аударады. Бірақ реформа ата-бабалардың молмұрасына негізделуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентініңсөйлеген сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтары біздің бастырухани бағытымыз болып қала беретіндігі баса айтылған. Тарихты құрметтеу,Отанға деген адалдық, ғылым мен білімге құштарлық - мұның барлығы біздіңхалқымыздың құнды қасиеттері. Бұл қасиеттер халықтың бірлігі мен жасампаздықкүшін нығайтады, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Экономикалық реформалар саяситрансформацияға алып келері сөзсіз. Егер орындалмаса, онда экономикада тоқыраубасталады. Бұл жөнінде Маргарет Тэтчер: «Бір күні Қытайдағы экономикалықөзгерістердің артып келе жатқан қозғаушы күші саяси өзгерістерге алып келеді.ҚХР-да адам құқықтарын қатаң түрде сақтау арқылы сауда және ақпарат арналарынашық ұстау - бұл ұлы әскери державаны экономикалық алпауыт елге, халықаралық қоғамдастықтың сенімді мүшесіне айналдырудың ең тиімді тәсілі», -деп айтты.

Дамудың басқа құрамдас бөлігі - билікпен қоғам арасындағы диалог қағидасы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау сөзіндепікірлердің плюрализмін мойындауға негізделген дәйекті және мазмұнды диалогтыңқажеттілігі айтылды. Ол бірліктің мүлде қайшылықтар мен әртүрлі пікірлердіңболмауын білдірмейтінін түсінеді. Ол үшін бұл мәселедегі негізгі бағдар -«Әр алуан пікір - біртұтас ұлт» формуласы.

Елді басқарудың демократиялық стилінекөшу - көпсатылы процесс. Қателіктер жинақталған жағдайда саяситрансформацияның салдары қауіпті болуы мүмкін. Ицхак Адизестің :«Бюрократтарбәрін өзінше істеуге дағдыланған. Олардың әдетті жұмыс тәсілін өзгертіп,ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін, мүмкін болса, көп күш салу керек» деп айтқаныбар.

Бүкіл қоғам өкілдері, оның ішіндежастар да кіретін Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі диалог құралы болуы керек.Әрине, бұл орган мемлекеттік биліктің сайланбалы органдарының, яғнимәслихаттар мен Парламенттің қызметін алмастырмауы керек. Бірақ уақыт күтпейді.Диалог алаңдары саяси реформаны қазірден бастап қолдауы керек. Ұлттық кеңесқызметінің тиімділігі оның құрамымен ғана емес, сонымен бірге Президенттіңшенеуніктер мен мемлекеттік органдарды азаматтық қоғамның барлықинституттарымен ынтымақтастықта болуға бағыттауымен анықталады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдынақойылған міндеттер – өте күрделі әрі маңызды. Ал оларды Президент пен мемлекеттікаппараттың ғана күшімен шешу мүмкін емес. Сондықтан ол қоғамның негізгіпроблемаларын талқылап, сайлауалды тұғырнаманы іске асырудың мазмұнды жоспарынқұруда бірлесе жұмыс істеуді ұсынады. Қ.Тоқаевтың өзі атап өткендей, бұл құжаттахалықтың ең жақсы идеялары мен ұсыныстары көрініс табатвн болады.

Түрлі салада шектеулері көп қоғамнан ашық демократияға өту әрқашан қиын болатынын есте ұстағанжөн. Мұндай ауысу жаңа саяси мәдениеттің, мінез-құлық пен дағдылардыңқалыптасуын, адамдардың санасында қатып қалған бұрынғы әдеттерденбас тарту қажеттігін білдіреді. Еркін болғысы келетін кез келген қоғам барлық азаматтардемократияның теориясы мен практикасын түсіне алатын деңгейге жетуі керек. Бұлүшін білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар,партиялар және т.б. бірлесіп, күш салуы керек. Транзиттік елдерде демократияғадеген жеңілдетілген көзқарас тенденциясы бар. Онда адамдар институттардың,құқықтар мен міндеттердің және идеялардың өзара іс-қимылынан гөрі жеке адам бостандығының кепілдіктерін байқайды. Маңызды бір жағдайды түсіну қажет - демократиямүмкіндіктер беріп қана қоймайды, сонымен қатар азаматтарға міндеттер де жүктейді.
Алда маңызды міндет тұр – азаматтар арасында жаңа саяси мәдениет қалыптастырукерек. Қоғамдық өмірге араласу нәтижелі болуы үшін адамдар әлеуметтікпроблемалар туралы жергілікті, аймақтық және ұлттық деңгейде хабардар болып,жеке және қоғамдық мүдделерді біріктіре алуы керек. Өзге пікірге дегентөзімділікке үйреніп, ынтымақтастықта болып, ымыраға келе білу керек. Оларзаңды, легитимді билікті, жеке меншік және жеке құқықтарды құрметтеуі керек.

Мемлекеттік саясатқа қатысты жаңатәсілдер Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикадағы, саясаттағы және халықаралыққатынастардағы жаңа тенденцияларды ескере отырып, қоғамды интеграциялаусаясатын жалғастыратындығын көрсетеді. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр, алайдаұлықтау сөзіне үлкен үміт артуға болады, себебі онда қойылған мақсаттар азаматтардың ойына сай келіп, Қазақстанхалқының қолдауына сүйенеді.

Президент Қ.Тоқаевтың ұлықтаусөзіндегі негізгі басымдықтармен қатар, оның еліміздегі ең жоғары лауазымдағы қызметінің алғашқы айларының нәтижелері ұзақ талқыланып, өз бағасын алады депболжауға болады. Қазақстандағы билік транзитінің өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескеру керек. Олар мемлекеттік басқарудың әртүрліәдістерінің өзара байланысымен анықталады. Тарихты білу қазіргі заманды және даму перспективасын ұғыну үшін жайдан-жай керек болғанжоқ.

Транзит немесе реформалар кезеңіндегімемлекет басшыларының қызметіне, әсіресе, осы оқиғалар кезінде жарияланып,берілген баға өте қарама-қайшы болуы мүмкін.

Мысалы, Америка Құрама Штаттарыныңтарихындағы маңызды кезең болып саналатын ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының ортасымен екінші жартысы Президент Ф. Рузвельттің «жаңа бағыты» деп аталды. Оғандеген көзқарас айтарлықтай жақсы болған жоқ. Кейбір замандастары Ф.Д. РузвельтАҚШ-тағы фашизмді қолдайды деген пікір айтса, басқалары, керісінше, оныңреформаларын социалистік деп санады. Кейде «жаңа бағыт» қос пікірдің жиынтығыретінде көрсетілген. 1960 жылдардың басында америкалық тарихнама «Жаңабағыттың» оң сипаты туралы консенсусқа қол жеткізді. Дегенмен, қарсы пікірлерәлі де болса табылып жатады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың«Жаңа бағытына» ұлтшылдық, коммунизмнен бастап либерализмге дейін әр түрлі позициядан баға беруге болады. Қазақстанда саяси әралуандықтың барлық спектрібар. Бірақ Қ.Тоқаев жалпыұлттық мақсаттарды анықтауда және оған қол жеткізудежалпыұлттық консенсус ұсынатындығын ұмытпау керек. Патриотизм мен болашақтыбірлесе айқындау қоғамның барлық салаларын біріктіруі тиіс. Сонымен қатар,болашақ үшін қоғамның осындай бірлігін сақтайтын саяси және мемлекеттікинституттар құрылуда. Бұл – ең бастысы.

Автор: Берік Әбдіғалиұлы

Соңғы жаңалықтар