Ұлым Головкинді «жоқ қылады» - үлкен Юбенк

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық кәсіби боксшы Крис Юбенк өзінің ұлы кіші Крис Юбенктің егер жекпе-жек таяу уақытта ұйымдастырылатын болса, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді «жоқ қылады» деп мәлімдеді, деп жазады Boxingscene.com.-ға сілтемемен Vesti.kz.

«Головкин - есімі әйгілі жақсы бокшы, бірақ менің ұлым оны талқандап тастайды», - деп мәлімдеді үлкен Юбенк. Ол сондай-ақ баласы Головкинмен жекпе-жекте жылдамдығының арқасында жеңіске жете алады деп есептейді. «Ол (GGG) баяу, оған соққы жасау оңай, оның осал тұсы - осы», - деп атап өтті үлкен Юбенк.

Үлкен Крис Юбенк (Chris Eubank) - орташа, екінші орташа, жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежелерінде рингке шыққан британдық кәсіби боксшы. 1990-1991 жылдары WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, сондай-ақ 1991-1995 жылдары WBO тұжырымдамасы бойынша екінші орташа салмақтағы әлем чемпионы болған. Оның ұлы - кіші Юбенк 2015 жылдың ақпан айында Ресей спортшысы Дмитрий Чудиновпен өткен жекпе-жегіндегі жеңісінен кейін WBA тұжырымдамасы бойынша орташа салмақтағы уақытша әлем чемпионы болып саналады. Өткізген 20 жекпе-жегінің 19-ын жеңіспен (14 нокаут) аяқтап, бір рет жеңілген.