Ұлыс күнін сан түрлі сипатта атап өту ата салтымыз бен ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін керек – Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлыс күнін сан түрлі сипатта атап өту ата салтымыз бен ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Наурыздың тағы бір белгісі – ұқыптылық пен тазалық. Қазақ – табиғатқа етене жақын халық. Ұлыстың Ұлы күні бұлақтың көзін ашып, ағаш егу, қоршаған ортаны таза ұстау – ертеден жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Біз қолға алған «Таза табиғат» жобасының негізгі мақсаты – сол игі шараны жалғастыру. Осылайша, Ұлыс күнін сан түрлі сипатта атап өту ата салтымыз бен ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін керек. Қазақта «Салтына қарап, халқын танисың» деген қанатты сөз бар. Ұлттың жаңа болмысы жақсы дағды мен жағымды қасиет арқылы қалыптасады», - деді Президент