«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде біздің аудан бойынша тоғыз жоба ұсынылды. Олардың төртеуі жүзеге асырылды. Тағы бесеуі келесі жылға жоспарланып отыр. Оның қатарында - 50 орынға шақталған демалыс аумағының құрылысы, қазақ күресі мектебі мен Қарсақбай ауылындағы стадион құрылысы да бар, - деді Әнуар Омар.
Әкімнің айтуынша, бұл жобалардың барлығы демеушілер қаражатына салынады.