Ұлытау облысында 2 мың гектар аумаққа тараған өрт сөндіріліп жатыр

Фото:
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – ТЖД күштері мен құралдары Ұлытау облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 шілдеде Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 км жерде құрғақ шөп жанған. Өрттің алдын ала аумағы – 2000 гектар.

Өртті сөндіруге ерікті өртке қарсы құралымдар мен Ұлытау облысы ТЖД-дан 42 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды.

Елді мекенге қауіп-қатер жоқ.