«Ұлытау облысы да бағаның өсуі бойынша көшбасшы саналады. Бір жағынан, аймақ логистика тұрғысынан тұйық болып табылады. Сонымен бірге әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жергілікті бизнестің жұмысы әлі жолға қойылмаған. Қаңтар айында өңірлік комиссиялардың 10 отырысы өткізілді. Алайда жұмыс нәтижелері шамалы», - деді ол.
Министрдің дерегінше, Астана қаласында «айналым схемасы» тетігі бойынша қаржыландыруға 14 млрд теңге бөлінген. Бірақ өңір 2022 жылдың қорытындысында да, осы жылдың басынан да бағаның өсуінен көшбасшылар үштігінде қалып отыр.
«Жыл басталғалы комиссиялар өнімсіз делдалдарды анықтаған жоқ. Қала әкімі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен өңірлік комиссияның жұмысын қалпына келтіретініне сенімдімін», - деді Серік Жұманғарин.