Ұлытау облысында газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға болған үйде ас берілген. Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шегіп, 8-і ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, ауруханаға жатқызылғандардың ішінде бір адамның жағдайы ауыр.

«2022 жылғы 27 желтоқсанда Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінде жер үйдің аумағында тұрған моншада тұрмыстық газ баллоны жарылды. Нәтижесінде монша шатырының 100 шаршы метрі бұзылып, 50 шаршы метр жері жанды.

Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жедел түрде өртті оқшаулады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға болған үйде ас берілген.

Жарылыс салдарынан зардап шеккендердің ішінде 8 адам үйлеріне жіберілді. Өйткені медициналық тексеру кезінде медициналық көмекті қажет етпеді.

Оқиға орнында Жаңаарқа кентінің 6-ӨСБ күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр: жеке құрамның 4 адамы, ТЖБ қызметкерлері – 2 адам және 1 бірлік Ац-40 техникасы. Жарылыстың себебі мен жағдайлары анықталу үстінде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қауіпсіздік талаптары өрескел бұзылған, яғни газ баллонын аяздан үйге әкеліп, жылыту үшін жылыту құрылғысының жанына орнатылған.


Фото: t.me/qr_tjm