Ұлытау облысында мұнай өңдеу зауытын салу қажеттілігі пысықталуы тиіс – Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлытау облысында мұнай өңдеу зауытын салудың қажеттілігі туралы мәселе пысықталуы тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергетика министрлігі әрбір жылу электр орталығының жағдайына кешенді түрде талдау жүргізуі қажет. Әсіресе, жеке меншіктегі объектілерге ерекше назар аударыңыздар. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында оларды жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін пысықтау, сондай-ақ Жаңа тарифтік саясат қағидаларын қабылдауды қамтамасыз ету қажет», - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Ұлытау облысында мұнай өңдеу зауытын салудың қажеттілігі туралы мәселе пысықталуы тиістігін баса айтты.

«Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, Алматыдағы 2-ші және 3-ші жылу электр орталықтарына қажетті газ инфрақұрылымын тарту бойынша дайындықты және конкурстық рәсімдерді жеделдету қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Фото: brookings.edu