11 наурызында мал іздеуге екі көлікпен 7 адам шығып, ауа райына байланысты жолда адасып кеткен.
Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды.
Жоғалған адамдар «Өлке» қыстағынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.