Ұлытау облысының жедел жәрдем қызметіне жаңа автокөліктер табысталды
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылып жатыр. Оның аясында денсаулық сақтау саласы бойынша түрлі көздерден қаржыландырылатын 19 жоба көзделген. Мәселен, облыстық жедел жәрдем станциясы үшін 7 арнаулы автокөлік пен 5 реанимобиль, 7 мобильдік гараж кешені мен Сәтбаев қаласының емханасын сатып алу жоспарланған.
Бүгін 2022 жылы шыққан 4 JAC пен 3 Газель-Некс жедел жәрдем көлігінің кілттері табыс етіледі.
«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңа автомобильдермен қамтамасыз ету өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз», - деп есептейді өңір басшысы.