28 тамызда Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 50 рет құтқару жұмысына шыққан.
Оның ішінде өртке - 41 рет, авариялық-құтқару және іздеу жұмысына - 8 рет және бір мәрте жалған шақыруға барды. Екі бала құтқарылды.
Ұлытау ауданында Амангелді ауылдық округінде 26 тамызда тіркелген дала өрті сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы - 400 га.
Өрт 28 тамыз сағат 06:36 шамасында ТЖД, Ұлытау орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының, өртке қарсы ерікті құрылымдардың күшімен жойылды.
Сондай-ақ, Ақтоғай (15 га), Осакаров (29 га), Нұра (40 га), Шет (48 га) және Бұқар жырау (25, 35, 41 га) аудандарында 8 жерде құрғақ шөп жанған. Бәрі сөндірілді.
Өртті сөндіруге ТЖ департаменті, өртке қарсы ерікті құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардан 174 адам мен 47 техника жұмылдырылды.