Бүгін Ұлытау ауданының «Мибұлақ ауылы-Жомарт кеніші» автожолында Мибұлақ ауылынан 10 шақырым жерде «Toyota Camry» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульге ие болмай, 46 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Mercedes-Benz Sprinter» шағын автобусына соғылды.
«Оқиға орнында болған жол апатынан жеңіл көліктің 32 жастағы жолаушысы көз жұмды. Сонымен қатар, аталған автокөлік жүргізушісі мен үш жолаушы, сондай-ақ Sprinter жүргізушісі мен оның жолаушылары түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жіберілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты кезінде «Sprinter» салонында 15 адам болған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.