Ұлытауда Jezkiik ІІ Халықаралық этно-мәдени мұра фестивалі өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Болатсай жерінде 23-24 тамызда Jezkiik этно-мәдени мұрасының ІІ Халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ол «РуханиЖаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілуде. Фестивальға атақтықазақстандық және шетелдік әртістер - Carmen Guerrero Flamenco (Испания)ансамблі, сербиялық ұлттық «Абрашевич» оркестрі, DUHAJ оркестрі,итальяндық «MORESCA NOVA» тобы және басқалары қатысады.

Фестиваль 23 тамызда алау алаңында С. Әбдіғали, Д. Аркенов,К. Каренина, Б. Рахимжанов (гитара), В. Слепухин (гитара), А. Севостьянов(баян), Б. Смағұлова (күйші), Б. Танатаров (күйші) қатысуымен өтеді. Сондай-ақ,бұл кеште көрермендер назарына «Қазақфильм» киностудиясында және«DAR Play» студиясында түсірілген Amire фильмі ұсынылады.

Сенбі, 24 тамызда фестиваль «Атадан қалған асылмұра» концертімен жалғасады. Оған Тәттімбет атындағы академиялық оркестр,С.Мұсайын, Д.Аркенов, Г.Тапай, Ж.Баспақова секілді солистер, А.Үлкенбаева(Алматы қ.), Ж.Жүзбаев (Нұр-Сұлтан), Ж.Сатыбалдиев (Алматы қ.), С.Тұрысбеков(Нұур-Сұлтан), «HasSak »этно-тобы (Алматы қ.) және Италия, Испания,Сербия, Венгриядан келген фольклорлық ансамбльдер қатысады..

Сондай-ақ, осы күні фестивальде «Аққу»фольклорлық-хореографиялық ансамблі, Ақтоғай ауданының «Тоқырауынтолқындары» халық ән-би ансамблі, домбырашылар ансамблі, дәстүрлі әндердіорындаушылар А. Қосанова, У. Байбосынова, А. Мұхит, жыршы Е. Шалдыбеков өнеркөрсетеді. Шараға сонымен қатар белгілі ақындар - ҚР еңбек сіңірген қайраткеріАманжол Әлтаев пен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты СараТоқтамысова қатысады.

Фестиваль қонақтарына қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерітұсаукесер, бесікке бөлеу, беташар және т.б. көрсетіледі.

Jezkiik этно-мәдени мұра фестивалі «Арлан» ұлттықдәстүрлер театрының, қазақстандық эстрада жұлдыздары Қыдырәлі Болмановтың,Қарақат Әбілдинаның және «Дос-Мұқасан» тобының, «Ұлытау»этно-рок тобының және «Alatau serileri», «Назар» тобының(Алматы қ.), «Алтын батыр» степ-тобының қатысуымен өтетінгала-концертпен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар