Ұлытауда ұлттық тағамдар гастро-шоуы ұйымдастырылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 тамызда Қарағанды облысында Қазақстанның киелі мекенінде – Ұлытау жерінде өтетін Jezkiik этномәдени мұра екінші халықаралық фестивалінің қонақтарына гастрономиялық шоу көрсетіледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің сайты.

АлдағыуақыттаөтетіншаражайлытолығырақМәдениет, мұрағаттаржәнеқұжаттамабасқармасыныңбастығыЕркебұланАғымбаевайтыпберді.

Гастро-шоуфестивальдегі мамандандырылған аймақтардың бірі болмақ. Бас аспаз халықтыңалдында қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, көшпенділердің дәстүрлітағамдарының ингредиенттері мен шығу тарихы туралы әңгімелейді.

Болатсай аумағындаэтноауыл салынады. Бағдарламаның негізгі бөлігі музыкалық аймақта өтеді.Спорттық аймақта Nomad Stunts шабандоз-каскадерлер тобы өнер көрсетеді.Food-аймақта қонақтар тамақтанып, салқын сусындар сатып ала алады.

«Жезкиік» екіншімузыкалықфестиваліндеИталия, Испания, Венгрия, СербияжәнеҚазақстанмузыканттарыменфольклорлықұжымдарыөнеркөрсетеді. СахнағаҚ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекші солистері шығады,«Тоқырауын толқындары» халық ән және би ансамблінің әртістері, халық әндерініңорындаушылары қатысады. Гала-концертке «Арлан» ұлттық дәстүр театрыныңәртістері, қазақстандық эстрада жұлдыздары: Қарақат Әбілдина мен ҚыдырәліБолманов, аты аңызға айналған «Дос Мұқасан» тобы, «Ұлытау» және Alatau Serileriтоптары, «Алтын батыр» степ-тобы өнер көрсетеді.
Фестиваль қарсаңында 22 тамызда Ұлытау қаласында туроператорлар форумы өтеді,оған Ресей, Түркия, Германия және басқа да елдердің мамандары шақырылды.Туроператорлар үшін Жошы хан, Алаша хан кесенелеріне және басқа да тарихиескерткіштер мен киелі жерлерге экскурсия өткізіледі.

23 тамызда мұнда ауылжастарының форумы өтеді.
Фестиваль алаңында киіз үйлер орнатыла бастады, жалпы саны 45 киіз үйкөтерілмек. Қазіргі таңда үлкен сахнаны, ойын алаңдарын, алтыбақанды, саудашатырларын, қолөнершілерге арналған шатырларды және басқа да ғимараттардықамтитын этно ауыл құрылып жатыр.
Бірінші Халықаралық Jezkiik фестивалі Қарағанды облысында 2018 жылы дүркірепөткен болатын. Содан кейін музыкалық іс-шара жыл сайын өткізіледі деген шешімқабылданған.

Соңғы жаңалықтар