2018 жылдың 25 желтоқсанында Қарағанды облысында табиғат қорғаушы инспекторлары Нұра ауданының аумағына рейд жүргізген. Рейд барысында «Жанбөбек» ауылынан 30 шақырым жерде сынып қалған Тойота Ленд Крузер-100 бен Тойота Ленд Крузер-80 автокөліктері кездескен.
«Автокөліктердің ізімен инспекторлар жүре отырып, атылған 18 киіктің тұтас етін тапты. Инспекторлар оқиға орнынан із суытып кеткен адамдарды іздестіре бастады. Шұбаркөл ауылдық округінің учаскелік полициясының ақпараты бойынша инспекторлар Ұлытау ауданының Алғабас ауылына шықты. Алғабас ауылында Ұлытау аудандық ІІБ полициясының учаскелік инспекторы Бралинов М.Ж-ның сарайынан атылған 12 киіктің тұтас еті табылды», - деді Сәкен Ділдахмет Фейсбук парақшасында.
Қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.