Ол Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп түрлі байқауларға қатысып, жастайынан өлеңге деген құштарлығы арта түскен.
Ішкі істер органдарында қызметін 2022 жылы Астана қаласынан бастады.
«Бала кезден кітап оқығанды ұнаттым. Маған ақындардың өлеңдерін жаттап алып, нақышына келтіріп оқыған ұнайды. Әсіресе, Махамбеттің өлеңдерін оқығанда ерекше бір күй кешемін. Осындай рухты өлеңдердің жастарға берер патриоттық тәрбиелік маңызы зор», - дейді Үркер.