«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға жасаған үндеуі қазіргі кезде маңызды және қажетті шешім деп білеміз. Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауының 9 маусымда жария етілді. Президент сайлауын өткізу уақытының белгіленуі үлкен саяси қадам деп білеміз», - дейді Үмітхан Мұңалбаева.
Ұлттық академиялық кітапханасының ұжымы сайлаудың ел тағдыры үшін маңызды екендігіне сенім білдіруде.
«Біз, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, ұжымы Президенттің үндеуін кеңінен талқылай отырып, алдағы сайлаудың әділ де, ашық болатынына сенеміз! Президент сайлауының ел тағдыры мен болашағы үшін аса маңызды және оған қолдау көрсетеміз!
Біз Елбасымыздың арқасында тәуелсіз де қуатты ел болдық, әлем мойындаған тәуелсіз Қазақстанда өмір сүреміз. Мәңгілік елдің болашағы үшін атқарылып жатқан игі істерге кітапханашылар өз үлестерін қосып еліміздің көркеюіне ықпал етеміз деп сендіремін.
Еліміздің келешегі жарқын да баянды болсын!», - дейді Үмітхан Мұңалбаева