«Үміткердің қайсысының мықты немесе осал екенін сайлау ғана анықтайды, яғни халық оған бағасын береді. Алдағы сайлаудың тағдырын сайлаушылар шешеді», - Мәжіліс төрағасы палатаның отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар Е. Қошанов 11 қарашада өтетін кандидаттар арасындағы теледебатқа Президенттің атынан неге қатысатынын түсіндірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілеттігін жалғастырып жатыр және жұмыс кестесі өте тығыз. Президент ретінде мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі әрі сыртқы саясатына жауап береді. Сыртқы саясат пен ішкі мәселелер үгіт-насихат жүргізуін күтіп тұрмайды. Екіншіден, дебатқа штабтың атынан өзінің өкілінің қатысуы сайлау заңнамасына қайшы келмейді», - деді Мәжіліс төрағасы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында теледебатқа қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірталасқа неліктен қатыспайтынын түсіндірді.
Фото: parlam.kz