«Кейбір журналистер менен үміткердің жазба жұмыстарын түсіріп алу үшін көрсетуімді талап етіп жатыр. Біз мынаны түсіндіргіміз келеді, лингвистикалық комиссия емтихан аяқталғаннан кейін қорытындысын жария етеді. Үміткердің жұмысы менің қолымда тұрғанда, белгілі бір деңгейде оны көрсетуге құқылымын. Бірақ, жұмысты Орталық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін жазба жұмысы ресми құжатқа айналады. Содан кейін оны көрсетуге құқымыз жоқ», - деді Мырзатай Жолдасбеков.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде бүгін ҚР Президенттігіне үміткерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтен үміткерлердің жазба жұмыстарын көрсетіп, суретке түсіріп алуға мүмкіндік беруді өтінген хаттар жария етілген болатын.