Туризм және көне жәдігерлер комиссиясының президенті ханзада Сұлтан бин Салман мәлімдегендей, жыл сайын әлемнің алпыстан аса елінен ат арытып келетін қажылар кіші қажылығын өтегеннен кейін аталмыш бағдарлама бойынша осынау елдің ислам діні келмей тұрып, тіршілік қазанын қайнатқан көне шаһарлары мен табиғи қорықтарын аралап, саяхаттауға мүмкіндік алады.
Бұл жобаны аталмыш комиссия елдің сыртқы және ішкі істер министрліктерімен, сондай-ақ, қажылық істері жөніндегі министрлікпен, туристік компаниялармен бірігіп жүзеге асыратын болады.
Қазіргі уақытта Сауд Арабиясына жеке туристік виза аштыру мүмкін емес. Сауд Арабиясы мемлекеттік уәкілеттілігі бар туристік фирмалар арқылы топтанып барған туристерді ғана қабылдайды, деп хабарлады muslim.kz.