Ұмра қажылығын өтеушілер саны үш есе артпақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы билігі Ұмра қажылығының жаңа жүйесін және осыған сәйкес атқарылатын шаруалар жоспарын жарияламақ.

Елдің қажылық министрі Бандар әл-Хаджардың мәлімдеуінше, келесі жылдан бастап, Ұмра қажылығын өтеушілер саны үш есеге артып, қасиетті Қағбаға айына 1,25 млн адам тәуәп ететін болады.

Сондай-ақ қауым үшін Қажылық министрлігінің электронды порталы арқылы визаны жылдам алу мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды muslim.kz.