Ұмра қажылығындағылар Мекке мен Мәдинада ұзақ бола алмайды

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы ұмраға келген қажылардың елде болу мерзімін ұзартудан бас тартты. Бұл жайында al-Eqtisadah ақпарат көзі хабар таратты. Королдіктің Қажылық істері жөніндегі министрлігі діни туризм саласында жұмыс істейтін 200-дей компанияға қажыларды ел аумағында ұзақ уақыт қалдырмау жөнінде тапсырма берді.

Шенеуніктердің сөзіне қарағанда, қажылыққа қатысты әр елдің бегілі бір квотасы бар. Сол себепті, Сауд Арабиясы өзі белгілеген осынау квотаның шегінен асып кетсе, алмайды. Muslim.kz сайтының жазуынша, әл-Харам мешітінің күрделі жөндеуден өтіп жатқаны да бір жағынан жағдайды қиындатып отырғанын айта кету керек.