«Астық өңдеу саласында ұн тартуға басты рөл берілген. Сонымен қатар, кейінгі уақытта бұл салада үлкен проблемалар байқалып отыр, яғни оның дамуына қауіп төнді. Егер 15 жыл бұрын Қазақстан 270 кәсіпорын арқылы өндірілген ұн көлемі бойынша әлемде көшбасшы болса, қазір олардың үштен бірі ғана жұмыс істеп тұр», - деді З. Кузиев Сенатта өткен Үкімет сағатында.
Оның айтуынша, бұған нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі себеп болды.
«Осындай жағдайда біз екі шешімнің бірін қабылдауымыз керек, яғни халықаралық нарықтағы позициямызды қалпына келтіру немесе астықты тереңірек өңдеуге көшу қажет. Астық өңдеудің бірінші кезеңінде біз жарма, ұн және басқа да өнімді аламыз, мұны көптеген өңдеуші іске асырып келеді. Атап айтқанда, біздің өндірушілерді астықты тереңірек өңдеуге ынталандыру қажет. Осы орайда витаминдер, тағамдық қоспалар және өзге де өнімдерді өңдеуге болады», - деді депутат.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенаттағы Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан ұнын өткізу нарықтары жыл сайын азайып келе жатқанын айтты.