Үнді-Антарктика жотасының батысында 6,2 балдық жер сілкінісі болды
09:17, 08 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Үндістан-Антарктика жотасының батысында 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
АҚШ-тың геологиялық қызметінің алдын ала мәліметтері бойынша, табиғи апат сенбі күні 23:20-да болған.
Жер сілкінісінің ошағы оңтүстік ендіктің 47,83 градусы мен шығыс бойлығының 116,02 градусының координаталары бар нүктеде орналасқан. Гипоцентр 10,0 км тереңдікте орналасқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін ғалымдар Калифорнияда алдағы жылдары жойқын жер сілкінісі болатынын ескерткенін жазған едік.