Атап айтқанда, бар пәле отағасының Фейсбукте өз статусын "үйленген" деген жазбаға ауыстырмауынан туындаған. Әйелі қанша өтінсе де статусын өзгертпеген күйеуі өзгерткенше әлеуметтік желідегі аккаунтын өшіруге әзір екендігін айтқан.
Осыдан соң шаңырақ шайқалып, ерлі-зайыптылар өз жөндерін тапқан. Келіншек өз достарына үйленгенін жасырған еркекке сенімі жоғалғанын жеткізген. Екеуінің отау құрғанына екі ай ғана болыпты.
Британдық Divorce-Online заңгерлік компаниясының зерттеуінше, әлеуметтік желі кикілжіңінен жастардың ажырасуы биылғы жылы осымен үшінші рет болып отыр екен.