Үнді қыздары зорлықтан қорғайтын шалбар ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандағы Варанаси қаласында тұратын екі қыз зорлаушылардан қорғайтын әйелдерге арналған шалбар ойлап тапты. Бұны The Daily Mail хабарлайды.

Бағасы небәрі 25 рупий (0,42 доллар) тұратын шалбарға ұсақ электрондық құрылғы орнатылады, құрылғы жақын маңдағы полиция бөліміне дабыл және шабуыл жасалған әйелдің тұрған орны туралы ақпарат жібереді. Бүгінгі таңда Үндістанның 200-ден астам полиция бөлімшелері ақпарат құралдарымен жабдықталған. Үнділік БАҚ-та зорланған әйелдер туралы ақпараттар жиілеп кеткендіктен 21 жастағы Дикша Патак (Diksha Pathak) және 23 жастағы Анджали Шривастава (Anjali Srivastava) шалбарды жасауға бел буған екен. Олардың айтуынша құрылғының қуат көзі үш айға дейін жетеді, кейін оны алмастыру қажет. Статистика бойынша Үндістанда әрбір 22 минут сайын зорлық-зомбылық жасалады. Егер шалбарлардың тәжірибеде шын көмегі тисе, бұл жаңа өнім ұлттық деңгейде қолданысқа енбек.