Үнді мұхитына 150 жолаушысы бар ұшақ құлады

МӘСКЕУ. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Йемен авиакомпаниясына тиесілі Yemenia Air авиалайнері апатқа ұшырады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Комор аралдарының аумағында Үнді мұхитына құлаған әуе кемесінің бортында 150-ге жуық жолаушы болған.

Олардың ішінде аман қалғандарының бар-жоғы туралы мәлімет әзірге болмай тұр.