Үнділік азамат зиратта мейрамхана ашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандағы ескі мұсылмандар зиратында ерекше мейрамхана ашылды. Ондағы столдар қабірлер арасына, темір қоршаулардың тап жанына қойылған.

Мейрамхананың қожайыны Кригшан Кутти өзінің бұл нысанына орын дайындау үшін қабірлерді сүрудің орнына сақтауға ұйғарған, деп хабарлады Kedem.

Елден ерек өзгеше жерде болғанымен мейрамхана клиенттерінің саны күн өткен сайын көбейіп барады. Өлі жандардың қасында тамақтануды ұнататындар баршылық екен.

Күн сайын таңертеңгілік даяшылар құлпытастардың шаңын сүртіп, гүл шоқтарын қояды, деп жазады Росбалт.