Үнділік гитарашы рекордтар кітабына енді

НЬЮ-ДЕЛИ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Үнділік танымал гитарашы Себастьян Джозеф 55 сағат бойы дамылсыз гитарада ойнағаны үшін есімі Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы сертификат алды,

деп хабарлайды «Пресс траст оф Индия» агенттігі. Осылайша 48 сағат бойы үздіксіз гитарада ойнаған американдық музыканттың бұған дейінгі рекордын Джозефтің жаңартқаны ресми танылды. Гиннестің рекордтар кітабының ережесі бойынша, музыкант әр 8 сағат сайын 15 минуттан үзіліс жасауға рұқсат алған. Бұл рекордты 41 жастағы үнділік музыкант 2008 жылы қазанның 3-і мен 5-і аралығында Үндістанның Керала штатындағы Палаккад округінде орнатқан болатын, ал Гиннестің рекордтар кітабының сертификатын енді алып отыр. «Гитара марафоны» барысында Джозеф кинофильмдердегі жүздеген әндердің музыкасын орындаған.