Үнділік миллиардер Нью-Йорк орталығынан 575 млн. долларға тарихи «Плаза» қонақүйінің бір бөлігін сатып алды

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Үндістанның ең дәулетті тұрғындарының бірі, «Сахара» бизнес-корпорациясының басшысы Субрата Рой Нью-Йорк орталығынан 575 млн. долларға тарихи «Плаза» қонақ-үйінің бір бөлігін сатып алды.

Бұл туралы кеше американдық БАҚ хабарлады. Енді Рой «Плаза» қонақүйі акциясының 75 пайызын иемденеді, ал қалған акцияның 25 пайызы сауд арабиясының ханзадасы Аль-Валид бен Талалға тиесілі.

Айта кетейік, «Плаза» қонақүйі 1907 жылы 1 қазанда ашылған. Бұл қонақ-үйге король отбасылары, президенттер мен түрлі «жұлдыздар» орналасады. Сондай-ақ элиталы нөмірлерінде бірнеше рет фильмдер түсірілген.