Гиннестің рекордтар кітабы сарапшыларының көз алдында 23 жастағы жігіт 103 сөзден тұратын сөйлемді 47,44 секундта терді. Мохаммед терген сөйлем былай басталды: «Гиннестің рекордтар кітабы қысқа ғана уақыт ішінде осыны теруім үшін мені таңдады».
Пернетақтамен мәтінді теру кезінде ол бір көзін жұмып алды. Қолдары да байлаулы болды.
Айта кеткен жөн, бұл рекордты орнату үшін ол үш жыл бойы күніне алты сағаттан жаттыққан.