Оның көмегімен Марстың эллипстік орбитасына 50-ден 800 мың шақырымға дейінгі қашықтықта ғарыш аппараты шығарылады, оған 25 келі шамасындағы ғылыми-зерттеу жабдықтары орналастырылады.
«Бұл экспедиция бізге қоршаған ортаның жағдайын, Қызыл ғаламшардың геологиясын зерттеуге, оның шығуы мен дамуы туралы мәліметтер алуға, сондай-ақ ондағы қандай да бір өмір сүруге қолайлы тіршіліктің бар-жоғы жөнінде деректер білуге мүмкіндік береді деп болжанып отыр», - деді ISRO-ның ресми өкілі С.Сатиш. Бұл туралы «Интерфакс-Казахстан» хабарлады.
Қазір «Марс миссиясын» жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың бәрі дайын және ғарыштық агенттік Үндістан Үкіметінің формальді түрдегі қолдауын ғана күтуде. Бұл жобаның іске асырылуы 2016-18 жылдарға жоспарланған еді, бірақ ел Үкіметі оны қаржыландыру көлемін ұлғайтты, сондықтан оны іске асыру мерзімі қысқартылған болатын.