Премьер мемлекеттік қызметкерлер мен барлық министрліктердің және ведомстволардың шенеуніктері, корпорациялар мен банктер Twitter, Facebook, Google, YouTube сияқты әлеуметтік желілер мен блогтарды пайдалануда ата-баба тіліне басымдық беруі тиіс екендігі туралы өкім шығарды. Осы жарлықтан кейін министрлік басшысы жаңа жобасын жариялады. Онда хинди тілінде сөйлесетін мемлекеттік қызметкерлерге қосымша 2000 рупий мөлшерінде (бұл күніне 33 долларға жуық) сыйақы беру көзделген.
Мұндай қадам Үндістанның саяси ортасында үлкен дүрбелең туғызды. Өйткені, ел азаматтары 100-ден астам тілде сөйлейді. Ал хинди тілінде халықтың 40 пайызға жуығы ғана сөйлеседі. Әсіресе бұл тілде Үндістан халықтық партиясының өкілдері белсенді сөйлеседі, бұл партия осы жылғы мамыр айында Үндістан парламентіндегі көпшілік орынға ие болды.
Үндістан үкіметі кейінірек бұл заң хинди тілі кең таралған Үндістанның солтүстік аймақтарына қатысты екенін түсіндірді. Дегенмен премьердің саяси оппоненттері оған қарсылық білдіруде.
Моди шетелдік басшылармен кездесуде хинди тілінде сөйлеп, аудармашыны пайдаланғанымен Үндістан элитасының басым бөлігі сияқты ол да ағылшын тілінде өзінің ойын жеткізе алады. Дейтұрғанмен көпшілік хинди тілінің халықаралық тілді ығыстыра алатынына күмән келтіреді.