Үндістан әлемдегі ең жеңіл тапаншаны шығарды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық өндірушілер әлемдегі ең жеңіл тапаншаны шығарғанын жариялады. BBC хабарлағандай, 22 калибрлі Nidar револьверінің салмағы 250 грамм ғана, ал құны $513.

Бұл үндістандық қару жасаушылар шығарған әйелдерге арналған Nirbheek қаруынан екі есе жеңіл.

Қару алюминий құймасынан жасалды, беріктігі болаттан жасалғандай, алайда салмағы әлдеқайда жеңіл. Револьвер барабанының диаметрі - 40 мм, қару ұзындығы -14 сантиметр ғана.

Револьверді мемлекеттік кәсіпорындарда шығарады.

Қару азаматтардың өзін-өзін қорғауына арнап шығарылды. Дегенмен Үндістан заңына сәйкес, көптеген қоғамдық орындарда қару алып жүруге тыйым салынған, деп атап өтті BBC. Nidar конструкторлары биыл 10 мың қару сатуға үміттеніп отыр.