АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үндістан Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бірлескен ақпараттық технологиялар орталығын құруды ұсынып отыр.
Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі брифингте Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингх мәлім етті.
«Біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты әртараптандыруымыз қажет. Әсіресе онда ақпараттық технологиялар, фармацевтика, тау-кен, ғылым салалары қамтылуы тиіс»,-деді Премьер-Министр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.