Үндістан астанасының басшысы ереуіл жариялады

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Делидің бас министрі Дели Арвинд Кеджривал астаналық полицияны өзіне қайта бағындыруды талап етіп, 10 күндік ереуіл жариялады, деп хабарлайды ВВС.

Ол және оған қарасты министрлер қаланың қақ ортасына ереуілге шығып, көшеде түнеуге бел буды. Ереуілшілер елдің ІІМ ғимаратына бармақ болып еді, оған полиция кедергі қойды.

Бастапқыда Кеджривал жақында орын алған және ашылмаған атышулы қылмыстарға байланысты төрт полицейді жұмыстан шығаруды талап еткен болатын. Енді ол Делидің полициясын өз бақылауына алуды көздеп отыр.

Делидің бас министрі сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес ретінде танымал. Өткен жылдың соңында қызметіне кіріскен ол орасан үлкен ресми резиденциядан бас тартып, өзіне одан кішірек үй қарастыруға тәртіп берді.

Оның «Аfм Аадми» партиясы (мағынасы - «Қарапайым адамның партиясы») сыбайлас жемқорлықпен күрес ұстанымының арқасында Делиде билікке келді.