АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Махараштра штатының билік өкілдері Чандрапур қаласы маңындағы жолбарыстар қорығының аумағына қаңғыбас иттерді апарып тастау оқиғалары бойынша тергеу жүргізуде.
Биологтардың айтуынша, бұл иттер жолбарыстарға қауіпті дертті жұқтыруы мүмкін. Әлеуметтік қызмет саласындағы шенеунік Пракаш Бокхад өз қарамағындағылардан бұл жағдайды түсіндіруді талап еткенін жеткізді.
Тадоба-Андхари қорығында шамамен 80-ге жуық жолбарыс бар, деп хабарлайды BBC.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.