International Business Time хабарлағандай, жер серіктерін ұшыру 20 маусымға жоспарланған және ол ғарышты үндістандықтардың игеруінің тарихындағы ең ауқымдысы болмақ.
Isro басшысы А.Киран Кумардың сөзіне қарағанда, Шрихарикота аралындағы Сатиш Дхаван атындағы Ғарыш орталығының ғарыш айлағынан АҚШ, Үндістан, Канада және Германия спутниктері ұшырылады.
Аппараттар жер маңындағы атмосфераны зерттейді. А. Киран Кумар Үндістанға орбитадағы өз жер серіктерінің санын 2 есеге ұлғайту керек екенін атап өтті. Қазір олардың саны - 35.
Алайда сарапшылар Үндістанның жоспарына сенбестік танытты. Олардың айтуынша елдегі жалғыз ғарыш айлағы аталған жоспарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.