Қазақстан Президенті Орталық Азия мен Үндістан лидерлерінің саммитін өткізу туралы уақытылы әрі табысты бастамасы үшін Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге алғысын айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз сөзінде барша Үндістан халқын кеше атап өтілген Республика күнімен құттықтады.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан өзінің егемендігі жылдарында экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті.
«Осы саммиттің біздің елдер арасында дипломатиялық қатыныстардың орнауына 30 жыл толған мерзімде өтіп жатқаны символдық мәнге ие», - деді Қазақстан Президенті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды.