Үндістан электр стансысында құбырлардың құлауы салдарынан 20 адам қаза тапты

АСТАНА.  Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат  -   Үндістанда   жаңадан  салынып   жатқан электр стансысында    түтін  құбырының  құлауы салдарынан ең аз дегенде  20 адам қаза  тапты,    тағы ондаған  адам үйінділердің астында қалып қойды,

деп   хабарлайды Associated Press  агенттігі.

Оқиға Чхаттисгарх штатындағы  Корба  қаласында,  Bharat Aluminum Co., компаниясы  салып  жатқан   жылу-электр стансысында     орын алды. Төтенше оқиға кезінде  нысанда  шамамен 300-дей жұмысшы болған.   70-ке  жуық  адам  құлаған   құбырдың   сынықтарының астында  қалып қойған.   Оқиға орнында  қазір құтқару  жұмыстары  жүргізілуде.   Апаттың себебі әзірге  белгісіз.