деді Үндістан ұлттық конгресі жұмысшылар комитетінің өкілі Анил Кумар Шастри Үндістан ұлттық конгресі делегациясының «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаевпен бейсенбі күні болған кездесуі барысында.
Кездесу Халықаралық Азия саяси партиялары конференциясының аясында өтті. Анил Кумар Шастри Қазақстан Мемлекет басшысының сапарынан кейін көп ұзамай Үндістанның бірінші басшысының да жауап сапары өтетінін атап өтті.
«Қазақстан мен Үндістанның арасындағы өзара қарым-қатынастардың барынша достық сипатқа ие екендігі мені қуантады. Мұндай ынтымақтастықтардан екі елдің халықтары әсіресе бизнес пен сауда салаларында үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізеді», - деп көрсетті Шастри.