Дәрігерлер «паразит егізі» бар сегіз айлық баланың екінші басын алып тастады.
«Тофаджал есімді ер бала дүниеге сирек кездесетін кемтарлықпен туды. Оның басының төбесінен салмағы бір келіге жуық тағы бір бас шыққан. Ал оның ішінде ми қабықшасы болған», - дейді нейрохирург Сисира Даса.
Оның «егізін» алып тастау бес сағатқа созылған. « Бұл өте жауапты ота болды, скальпельді сәл дұрыс қолданбағанда баланың өліп кетуі де мүмкін еді», - дейді хирург.
Алайда ота сәтті аяқталып, бірнеше күннен кейін Тофаджал ауруханадан шығарылды, деп хабарлады Globalscience.