Үндістан Ираннан газ импорттауға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баспасөздің хабарлауынша, Таяу Шығыс пен Парсы шығанағының бірқатар елдеріндегі саяси тұрақсыздыққа байланысты Үндістан бұл елдерден газ импортын біртіндеп қысқартуға және Иран мен Ресейден табиғи газды сатып алуды ұлғайтуға шаралар қабылдауда, деп хаарлады Iran.ru.

Үндістан мұнай министрлігінің жаңа стратегиясына сәйкес бұл елде өзінің энергетикалық қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында мұнайға шектен тыс тәуелділікті қысқартып, табиғи газ импорты үшін мүмкіндік іздеу қажет. Үндістан үкіметінің дереккөздері хабарлағандай, Үндістанның мұнай министрі Дхармендра Прадханның таяудағы Ресейге сапарынан кейін Үндістанның мұнай министрлігінде жаңа стратегиялық бағдарлама дайындалды.

Дереккөздердің айтуынша, табиғи газды перспективалық жеткізуші ретінде Ресей қарастырылуда, Үндістан да ресейлік газды сұйытылған күйде де, құбыр өткізгіш бойынша да импорттай алады.

Аталған дереккөз сондай-ақ Үндістан Батыстың Иранға қарсы санкциясы әлсірегеннен кейін Иран-Пәкістан-Үндістан газ құбырын салу жобасы іске асырылуын күтуде екенін атап өтті. Бұл Иранның осы жобаны іске асыруға барлық күш-жігерін жұмсауына байланысты, ал Үндістан ирандық энергия көздеріне мұқтаж.