Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үндістанның халықаралық медицина және ғылым академиясының бас директоры Наджхаван Рупалмен кездесті. Онда оқу орнының басшысы елімізде ақпараттық технологиялар университетін және Үндістанның халықаралық медицина және ғылым академиясының бөлімшесін ашуды ұсынды. Бұған қоса, Наджхаван Рупал Қазақстанда емхана мен фармацевтикалық зауыттар салуға ниетті екенін жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі 2 жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі берілетінін мәлімдеген еді.