Үндістанның денсаулық сақтау федералдық министрлігі елде ауруға шалдыққандардың жалпы саны 190 535 адамға жеткенін, дүйсенбі күні 5 394 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, соңғы 24 сағатта коронавирус инфекциясы табылған 8 392 адам тіркелген.
Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар бұл көрсеткішті Үндістанда COVID-19-ға тексерілген тұрғындар санының өсуімен және карантин шектеуінің жеңілдетілуіне байланысты деп отыр.
Махараштра штаты инфекция жұқтырғандар саны бойынша көш бастап келеді, содан кейінгі орында Тамил Наду мен Дели тұр.