Үндістан мәдениеті мен аспаздығының апталығы өтеді
18:50, 07 Қыркүйек 2009
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат/Әділет Мұсахаев/ - Қыркүйектің 8-18 аралығында Үндістан елшілігінің ұйымдастыруымен Алматы, Астана қалаларында «Үндістан мәдениеті мен аспаздығының апталығы» өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үндістан Елшілігіне сілтеме жасап.
Бұл шарада Үндістаннан арнайы шақырылған төрт шебер аспаз қазақстандықтарға таңсық тағамдар мәзірін ұсынады. Екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған «Үндістан мәдениеті мен аспаздығының апталығы» қыркүйектің 8-12-сі күндері Астана қаласында «Rixos President Astana», 14-18-і күндері Алматыда «Intercontinental Almaty» қонақүйлерінде өтеді.