Ресми Дели Даккаға 111 анклавты беріп, оның есесіне 51-ін алды. Мұның қорытындысы бойынша шекаралас аумақтың 50 мыңнан астам тұрғыны азаматтық алатын болды. Бангладеш территориясында тұратын 15 мың адам үнді төлқұжатына ие болса, ал 39 мыңнан астам Үндістан тұрғыны көршілес елдің азаматтары атанады.