«Амфан» циклоны Тынық мұхитының батыс бөлігінде дауыл немесе супертайфунның 4-дәрежесіне дейін күшейді. Желдің жылдамдығы сағатына 150 мильге жетуі ықтимал (сағатына 240 километр).
Дауылдың күші азайса да екі елге айтарлықтай залал әкеледі. «Амфан» кедей және халық тығыз орналасқан жағалауларға төнуі мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, толқындар 30 футқа (9 метр) дейін көтерілуі мүүмкін.
Дүйсенбі күнгі мәлімет бойынша, Бангладеште COVID-19 жұқтырғандар саны 22 268-ге жетіп, 328 адам қайтыс болған. Үндістанда 96 169 адам індетке шалдығып, 3029 –ы қайғылы жағдаймен аяқталды.