АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан боксшылары Астанада Қазақстан құрамасымен бірге жаттығу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Біріккен оқу-жаттығу жұмыстары елорда төріндегі «Бокс орталығында» өтіп жатыр. Бұл екі команда да 30 сәуір күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін Азия біріншілігіне қатысады.
Осыдан бірер күн бұрын бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп , «Астанаға Үндістан боксшылары келе жатыр. Олармен Азия ойындарына бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын бірге өткіземіз. Бұл «сарықұрлық» додасына соңғы дайындығымыз болмақ. Олармен Астанада қызықты жекпе-жектер болады», - деп атап өткен еді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.