«Бүгінгі таңда Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберінде «Солтүстік-Оңтүстік» шығыс тармағының инфрақұрылымын Иранға қарай дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Негізгі басымдық – Үндістан мен Пәкістан бағытында тасымалдау әлеуетін дамыту. Сондай-ақ, Қытай, Ресей және Қырғызстанмен шекаралардағы орталықтарды жаңғырту жұмыстары жалғасады. Жобаны сәтті іске асыру транзиттік жүк ағынын 2 есе, ал тауар айналымын орта есеппен 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді министр.
Қоса кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құрылатынын мәлімдеген еді.